Accessibility links

Грузияның премьер- министрі Оңтүстік Осетияның президентімен арада жуырда болған келіссөздің барысында қол жеткен уағдаластықты екі жақ та мүлтіксіз орындайды деп үміттенеді


Грузияның премьер-министрі Зураб Жвания Оңтүстік Осетияның президенті Эдуард Кокойтамен арада жуырда болған келіссөздің барысында қол жеткен уағдаластықты екі жақ та мүлтіксіз орындайды деп үміттенеді. Грузин теледидарына берген сұхбатында Жвания Осетияның барлық қарулы құрамалары 20 қарашаға дейін жанжал шыққан аумақтан толық шығарылуға тиіс деп баса атап көрсетті. Осы күні, алайда, Грузия мен Осетияның өзара тұтқындармен алмасуы туралы қарама-қайшы хабар келіп түсті.
XS
SM
MD
LG