Accessibility links

Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуропаның жетекші үш елімен арадағы келіссөзде уәжге келгенін мәлімдеп отыр


Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуропаның жетекші үш елімен арадағы келіссөзде уәжге келгенін мәлімдеп отыр. Иран, Франция, Германия және Ұлы Британияның ресми делегациялары кеше Парижде Теһранның уранды байыту бағдарламасы бойынша келіссөзін аяқтады. ЕуроОдақтың аталған үш елі Ираннан атом электр стансасы үшін де, ядролық қару жасау үшін де қажетті байытылған уран өндіретін бағдарламасын атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің 25 қарашадағы мәжілісіне дейін тоқтатуды талап етті. Парижге барған Иран делегациясының жетекшісі Хусеин Мусавиан Иран теледидарына берген сұхбатында келіссөздің қыр-сырын ашып айтпады.
XS
SM
MD
LG