Accessibility links

Өткен түні АҚШтың қырғый ұшақтары Ирақтың Фаллуджа қаласындағы белгілі нысаналарға әуеден парақшалар тастап, әйелдер, балалар және соғысқа қатысы жоқ азаматтарды әскери шабуыл басталмастан бұрын қауіпсіз жерлерге өтіп алуға шақырған


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан жұма күні АҚШ, Британия және Ирақ әкімшіліктеріне хат жолдап бүлікшілдер жайғасқан қалаға жасалатын шабуылдар Ирақтағы жағдайды одан әрі қиындатып жібереді деп ескерткен. Сондай-ақ, ол шара Ирақ азаматтарының ашу-ызасын қозғап, алдағы қаңтарда болатын сайлауларға кесір болып тиеді деген.

Бірақ Брүсселде сапарда жүрген Ирақ бас министрі Аллауидің айтуынша, Фаллуджадағы күрделі жағдайды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндігі болмағандықтан, жергілікті тұрғындар Ирақ үкіметінен Фаллуджаны өз бақылауына алуды өтініпті.

-Фаллуджалықтар бізден қаланы кепілдік тұтқында ұстап отырған лаңкестер мен бүлікшілдерден құтқаруды сұрап отыр. Сондықтан біз халыққа азаттық әперіп Фаллуджада заң тәртібін орнатпақпыз, - деген Айад Аллауи. Осы кезге дейін, әуе шабуылдары және жердегі шайқастардан қашып, қаладан 300 мыңдай тұрғын шығып кеткен.
XS
SM
MD
LG