Франция күштері бұл жерде 10 мың адамдық БҰҰ жасағы құрамында тұр. Ол күштер елдің солтүстігіндегі көтерілісшілер мен елбасы Лаурент Гбагбо өкіметінің оңтүстіктегі күштері арасында бейбіт жағдай орнатуға тырысуда. Сенбі күні Кот де Ивуар өкіметінің әскери ұшақтары француздың 9 солдатын және америкалық бір көмек қызметі өкілін өлтірген болатын. Оған жауап ретінде француз күштері ел өкіметінің қырғи ұшақтарын жойып, тікұшақтарына шабуылдаған еді. Содан кейін ел астанасы Абиджанда Француз азаматтарын іздестіруді өкімет күштері бастап кеткен болатын.
Кот де Ивуар өкіметі мен Франция арасындағы өзара әуе шабуылдарынан туындаған теке-тіресте ара ағайындық рөл атқару үшін Африка одағы Оңтүстік Африка елбасы Сабо Мбекиді таңдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі