Accessibility links

Палестиналық жоғары дәрежедегі үш басшы Франция ауруханасындағы Ясер Арафаттың көңілін сұрай баратын болады


Бұл жөнінде Палестина Сыртқы істер министрі Набіл Шаас хабарлады. Бұдан бірнеше сағат бұрын Арафат кеңсесінің басшысы Тайыб Абдел Рахим бұл сапардың Арафаттың зайыбы Суха Арафаттың сынға толы сөздерінен кейін тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Суха Арафат ханым болса өз сөзінде: “Бұл- сырқат төсегіндегі Ясер Арафаттың Палестина халқына үндеуі. Бұл- Палестинаның адал азаматтарына бағытталған хабар. Төңкерісшілердің бір тобы дүйсенбі күні түстен кейін Парижге келе жатыр. Олар Абу Аммарды, яғни Ясер Арафатты тірідей көмуге келе жатыр”-, деген болатын. Шаас мырзаның айтуынша, ол және өкімет басшысы Ахмед Құрей мен Палестинаны Азаты ету ұйымының бас хатшысы Махмуд Аббас Йорданияға бүгін шықты. Олар ертең Париж маңындағы Арафатқа бармақшы.
XS
SM
MD
LG