АҚШ Орталық әскери қолбасшылығы басшысының орынбасары, Әскери Әуе күштерінің генерал-лейтенанты Лэнс Смит бастаған әскери делегация қарашаның 9-ында Шортанды қаласындағы кадет корпусында болып, жоғары шенді мейман курсанттар алдында сөз сөйледі. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лэнс Смит Қазақстанның Ирактағы бітімгершілік батальоны атқарған жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмыстарына жоғары баға беріп, әскери сала басшыларына алғысын жеткізген. Ол сапар барысында Қазақстанның Қорғаныс министрі, армия генералы Мұқтар Алтынбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту, аймақтық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылаған.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы, полковник Сапар Жағыпаровтың айтуынша, Қазақстанға іс сапармен келген АҚШ-ның Орталық қолбасшылығы басшысының орынбасары, Әскери әуе күштерінің генерал-лейтенанты Лэнс Смит Қазақстанның Қарулы күштерінде болып жатқан реформалармен танысып, екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа ден қойған. «Лэнс Смит лаңкестікке қарсы коалицияның Ауғанстан мен Ирактағы іс-шараларына Қазақстан тарапынан үлкен көмек көрестілгенін атап өтті,»-дейді Сапар Жағыпаров.
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, Қазақстанға мейлінше күшті одақтас мемлекет керек. «Ресейдің берері аз. Қытай да солай. Сондықтан реті келсе, АҚШ-пен одақтастықты тереңдете түскен жөн. Қазақстан НАТО-ға кіруге қам жасағаны дұрыс»,-дейді.
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов Қазақстанның әскери салада да көп векторлы саясатты ұстанғанын жөн көреді. Географиялық тұрғыдан алғанда Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқан Қазақстанға НАТО-ға кірудің қажеті жоқ деп есептейді.
Саясатшы Сейдахмет Құттықадам: « АҚШ қандай алып мемлекет болса да Қазақстан онымен терезесі тең әріптес ретінде есесін жібермеуі тиіс»,-дейді. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы, полковник Сапар Жағыпаровтың айтуынша, Лэнс Смит жоғары бағалап отырған қазақстандық саперлер жасағы осы уақытқа дейін соғыс болып өткен аумақтарды үш миллионға жуық жарылғыш заттардан тазартып, залалсыздандырған. Құрамында 27 жауынгері бар Қазақстанның бітімгершілік жасағының үшінші құрамы Ираққа биылғы жылдың тамыз айында 1 жылдық келісім-шарт бойынша аттанған болатын. Әл Фаллуджа қаласындағы соғыс қимылдарының басталуына орай Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов Ирактағы қазақстандық жауынгерлердің тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр. Саясаткер Сейдахмет Құттықадам Ирактағы соңғы аптадағы орын алған қақтығыстарға байланысты Қазақстандық жауынгерлерді жедел қайтару қажет деген пікірде. Ал, саясаттанушы Әзімбай Ғали қазақстандық саперлердің іс-тәжірибе алмасу үшін Иракта қала бергені жөн деген пікірде.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бастығы Сапар Жағыпаровтың айтуынша, АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы басшысының орынбасары,Әскери Әуе күштерінің генерал лейтенанты Лэнс Смит Қазақстанға келген сапары барысында Ұлттық қорғаныс университеті мен кадет корпусында болып, аталған әскери оқу орындарының шәкірттеріне дәріс оқыған.