Жаңадан құрылған “БТА Құрмет-Қазақстан” жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Ержан Тәтішев: “Қазақстанның зейнетақы нарығында 16 жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Олардың 72 бөлімшесі мен 73 өкілдігі әр аймақта қызмет көрсетеді. “Құрмет” пен “Қазақстан” қорларының бірігуі екі қордың шығындарын қысқартып, өз тұтынушыларына қызмет көрсету сапасын жақсартуды, қордың сенімділігін арттыруды көздеп отыр”, дейді. Оның айтуынша, аталған қордың біріккен жарғылық капиталы 1 млрд. теңгеден асып, ал меншік капиталы 1 млрд. теңгеге жетіп отыр. “Құрмет-Қазақстан” қорының болашақтағы зейнетақы активтері 36 млрд. теңгені құрап, ал салымшылар саны 500 мыңнан асады деп күтілуде. “Құрмет-Қазақстан” қоры тек ірі қалаларда ғана емес, облыстың барлық аймақтарын қамтып, аудан орталықтарында өз қызметтерін ұсынатын болады.
Осы мәселеге байланысты Ал Әлихан Бәйменов қорлардың бірігуі жақсы нышан. Қорлар ірі болған сайын соғұрлым тиімді болады дейді:
-Олардың қаржылық тұрақтылығы жағынан жағдайлары жақсарады. Қорды басқаруға кететін шығын да азаяды. Екіншіден, олар біріккеннен кейін олардың арасында бәсекелестік күшейеді. Қаржыгер Асқар Айтқожа да қорлардың бірігуінен ешқандай салымшы зиян шекпейді, дейді:
-Екі қордың инвестициялық саясаты - екеуінің де кіріс мөлшері бір деңгейде болады. Салымшылардың кіріс мөлшері де, ақшалары да ешқайда кетпейді.
Осы орайда біздер қала тұрғындарын сөзге тартып пікірлерін білген едік. Бірінші азамат қазір халық жинақтаушы зейнақы қорларына сенбейді. Себебі, зейнетақы қорларына ақша аударған бірталай азаматтардың аударған ақшасын таба алмай жүргендерін көргенім бар, дейді:
-Біз мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеп жатырмыз. Ақшамызды мемлекеттік қорға аударып жатырмыз. Зейнетақы қорларына бір талай адамдар сенбейді. Сенім жоқ. Ананы, мынаны сылтауратып дұрыс аудармайды. Ақшаларын таба алмай жүрген адамдарды білемін. Ондай жағдайда сол мекеменің басшылығын жауапқа тарту керек. Екінші азамат:
-Зейнетақы қорларының жұмыстарына сенемін. Адамда сенім болу керек. Ертең бір қиын жағдай туғанда сол қорға барып жағдайымды айтсам көмектесетін шығар.