Accessibility links

Фаллуджа қаласында бүгін сейсенбіде көтерілісшілер мен АҚШ жане Ирақ үкіметтік күштері арасында кескілескен шайқастар жалғасуда


Көтерілшілер сондай-ақ орталық аймақтағы Бақуба қаласындағы полиция бекетіне де шабуыл жасады. Ирақтық генерал Аззауидің айтуынша, бүлікшілдердің төртеуі оққа ұшқан. Өткен түні он мыңдай АҚШ әскері және одан сәл азадау ирақтық күштер Фаллуджаға шабуыл бастаған болатын. Ол операция бүгін ерте таңда жалғасып жатты.

АҚШ ұшақтары Фаллуджа орталығын бомбылап жаяу әскерлер солтүстіктен басып кіре бастады. Оларға көтерілісшілер қарсылық көрсетуде. АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфелдтің айтуынша, бұл операциялар қаншаға созылатындығы беймалім. Ройтер тілшісі зымыран соққысынан бір тікұшақтың құлағандын айтады. Фаллуджадағы 300 мыңдай тұрғынның көбі қаланы тастап шығып кеткен. Ал соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, дүйсенбі күнгі Фалуджаға жасалған шабуылдардан кейін Сунни мұсылмандарының жетекші партиясы АҚШ күштерінің ол операциясына қарсы наразылық ретінде, Ирақ үкіметінен шығуға шешім қабылдаған.
XS
SM
MD
LG