Accessibility links

Қазақстан Республикасының орталық Мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатының қорындағы дәстүрлі қазақ музыкасы өкілдерінің 8 жинағы компак –дискке көшірілді


Үстіміздегі жылы «Асыл мұра» жобасына 4 жыл толып отыр. Жобаның басты мақсаты – қазақтың белгілі әншілерінің дауысы жазылған түпнұсқаларды тазартып, бүгінгі таңдағы жоғарғы техналогиялық дыбыс жазу аппараттарына көшіру болып табылады. Бүгіндегі Орталық мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатында сақталып тұрған дыбыс таспаларының 30 пайызы аталмыш жоба аясында тазартылып, 8 компакт-диск болып жарыққа шықты. Дегенмен, ол дискілер қаражаттың тапшылығына байланысты сатылымға түспейтін болып отыр.

Бүгінде Қазақстан Республикасының орталық Мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатының қорында 500 мың құжат бар. Оның 250 мыңы – фотоқұжаттар болса, 50 мыңы киноматериалдар. Сонымен қатар 15 мың аудиожазба таспасы сақтарлған , соның ішінде 1500-і « аса бағалы құжаттар » болып саналатын таспалар. Орталық Мемлекеттік кинофото құжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатының бас директоры Алла Сейтованың сөзіне қарағанда, бүгінде мұрағатта осы құжаттарды қалпында сақтау үшін тиісті жұмыстар жасалып жатыр.

- Мұрағат құжаттарды сақтауда барлық жағдайын жасауда. Оның өз тіртібі бар. Сонымен қатар біз ардайым пленканың техникалық жағдайын тексеріп отырамыз.

Дегенменде, аса бағалы материалдарды жаңартып, тазартып тұру өте қажет деуде мұрағат директоры. Бүгінгі таңда мұрағатта бар материалдың 30-40 пайызы дискілерге көшіріліп, алғашқы 8 автордың туындылары жиналған 8 компак- диск жарыққа шығып отыр. «Асыл мұра» жобасының маманы Сайда Елеманова, біз ең бірінші дәстүрлі өнер өкілдерінің туындыларын көшірумен айналыстық дегенді айтып отыр.

- Бірінші диск Ғарифолла Құрманғалиев, Қали Жантілеов, Манарбек Ержанов және Жүсіпбек Елебеков. Міне бұлар ұлы қазақтың дәстүрлі музыкасының өкілдері болып саналады.

Табиғаттың шынайы түнбасындай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағы Манарбек Ержановтың туғанына жүзжылдық торқалы тойы 2002-ші жылы аталып өтті. Ұлы әнші, компазитордың көзін көрген досы Қазақтың Ұлттық Аграрлық университетінің профессоры Тайман Мұсағалиұлы , Манарбек әсіресе, операда ерекше болатын дегенді айтты.

- Әсіресе, «Қыз Жібек » операсында Шеге ариясын орындаған кезде ... ол дауысты осы күнге шейін қайталаған ешкім жоқ. Бүкіл «Қыз Жібек» операсын аспандатып, шарықтау шегіне жеткізетін сол Манарбектің ариясы боды.

Жарық көрген дискілердің бірі Ғарифолла Құрманғалиевтың туындыларынан тұрады. Белгілі әншінің күйеу баласы Жақыпбай Құлтайдың пікірінше , диск арқылы болашақ ұрпақ өз ата- бабалары турасында естіп-білетін мүмкіндікке ие болады.

- Мынау кейінгі балаларға, немерелерге , шөберелерге, неменелерге ертенгі күні олар ғасырлар бұрын өтіп кеткен ата-бабаларының халыққа деген еңбегін , соның дауыстарын естігеніне мен өте қуаныштымын. Мынау, мысалы, Ғарекеңнің дауысы Нью-Йорктің музыкалық кітапханасында жазылған.

Жақыпбай Құлтай, өз үйінде балалары мен немерелері де Ғарифолла атаның әндерін тыңдағанды ұнататындығын айтты.

- Немерем өзі атамыздың қолында отырды. Ол кісі инсультпен ауырған. Сол атасының алдына келіп, « аташка, 16 қызды орындап берші » деген екен. Бүгінде жарық көрген дискілер сатылымға түспей, Қазақстандағы мұражайларға, кітапханалар мен мұрағаттарға табыс етілетін болады.
XS
SM
MD
LG