Accessibility links

Париж маңайындағы Кламарт қалашығында әскери ауруханада қатаң бақылау астында ем алып жатқан Палестин елбасы Ясер Арафаттың жағдайы өткен түні одан әрі нашарлай түскен


Соңғы тәуліктерде Ясер Арафаттың комада, ес-түссіз жатқандығы жұртқа мәлім. Бірақ сейсенбіге өтер түнде оның жағдайы одан әрі тағы да нашарлай түскендігі жөнінде хабар келе бастады. Әскери аурухана өкілдерінің айтуынша, ол жерге Палестиналық ресми басшылықтың алғашқы тобы келген. Бірақ Арафаттың зайыбы Суха ханым кімнің де болса Арафат жатқан бөлмеге келіп оны көру әрекеттеріне қарсылық көрсетуде екен. Емдеу шараларын ұйымдастырып, Арафатты аман алып қалу үшін бар күшін салып жатқан Франциялық ресмилердің науқасты көру мақсатында Палестиналық жетекшіліктің ол араға келуіне көзқарасы қандай?

Француздар Арафаттың әріптестерінің оны көруге келулері бұл азаматтық адами табиғи жағдай деп келген және келмек болғандардың ресми тізімін талқылап та қойыпты. Бұл жөнінде Франция сыртқы істер министрі Мишел Барниер, зайыбының қарсылығына қарамай ресмилердің кіріп Арафатты көрулеріне рұхсат берілсін деп айтқан.

Париж маңайындағы әскери аурухадан арнайы өкіл дәрігер генерал Кристиян Естрипаның айтуынша, Арафаттың халінің нашарлай түсуі оның жағдайының алдағы кезде қандай болуын анық айтуға мүмкіндік бермей отыр.

- Қарашаның 8інен 9ына өтер түнде президент Ясер Арафаттың денсаулық жағдайы нашарлай түсті. Оның реанимациядағы бүгін таңертеңгі халы одан әрі күрделенгендей,- деген дәрігер Естрипа. Міне осы хабарды бүгін Париждегі ауруханаға арнайы келген Палестиналық ресми жетекшілік те сол арадан тікелей есіткен.

Палестинадан келген ресми басшылықтан атап айтқанда кімдер Париждегі ауруханаға келіп жеткен?

Соңғы мәліметтерге қарағанда, дүйсенбі күні кешке ол араға Арафаттың бас қызметтестері бас министр Ахмед Құрей және бұрыңғы бас министр, Палестина Азаттық ұйымының төраға орынбасары Махмұд Аббас келген. Олармен бірге Палестины сартқы істер министрі Набул Шаас және Парламент төрағасы Раухи Фатту да бар.

Ал оларды Арафатқа жіберу мәселесін президент Жақ Шырақтан бастап Сыртқы істер мнистріне дейінгі ресмилер талқылаған. Олардың Арафатқа кіріп, оның халымен танысуы бүгін сейсенбіге жоспарланған. Бірақ ол шара қалай атқарылады, олар Арафатты қалай көреді, әзірше беймәлім қалып отыр.

Арафаттың зайыбының тіптен ресмилердің кіріп көруіне қарсы болуы неліктен екен. Оған қандай себеп болуы мүмкін ?

Суха ханымның қарсылығына орай, Палестиналық ресмилер өз келу сапараларының уақытын бір неше рет өзгертіпті. Дегенмен келген. Ал-Жазира теледидарының телефонмен қойған сұрағына Сұха ханым:

Олар, ресми жетекшілік Ясер Арафатты, яғни зайыбының құрметтеп атайтын сөзімен айтсақ, Абу Аммарды тірілей жерлемекші, деп өз ашу-ызасын білдірген.

Бірақ сыртқы істер министрі Шаас жолға шығардан алдын, біз президент Арафаттың денсаулық жағдайын париждік дәрігерлердің тікелей өз аузынан есітуді қалаймыз, деген.

Палестиналық ресми басшылықтың Арафаттың соңғы жас әйеілне деген жалпы көзқарасы қандай?

Арафат кезінде 1990-жылы, құпия жағдайда 27 жасар Сухаға ұйленгенде оның қызметтес әріптестері қарсы болып, Суханы ұнатпапты. Сондай-ақ, Арафат Рамаллада қоршаулы жағдайда жұмыс істеп жатқанда, Суханың 3-4 жылдан бері Парижде бөлек тұруын да ресми басшылық жөн көрмейді. Суха Палестина қазынасынан ай сайын 100 мың долар алып тұрар екен. Оның үстіне, Палестина Азаттық ұйымы жинаған үлкен көлемдегі қаржыға да бақылау жасайтын көрінеді. Арафат пен бір қыз өсірген Суха әзірше оның бас-қасында отырып, Арафат түзеледі, аман-есен елге қайтады, дейді екен.
XS
SM
MD
LG