Accessibility links

1 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда Кеңес одағынан қалған индекстер ауыстырылып, жаңа индекстер енгізіледі


Қазақстанда ұсақ компаниялармен қосып есептегенде курьерлік қызметпен айналысатын мыңнан астам кәсіпорындар тіркелген. Поштаның сыртында, жазбалы хабарламаларды тарату қызметтері пайда болғалы, «Қазпошта» кәсіпорыны өз қызметтерінің аясы азайғандығын сезініп, қызмет көрсету сапасын жақсарту жолдарын іздестіруге мәжбүр болғаны белгілі. Жуырда, Қазақстан премьер-міністрі Даниял Ахметов «Қазпоштаның» даму бағдарламасын бекітті. Онда айтылғандай, 1 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда Кеңес одағынан қалған индекстер ауыстырылып, жаңа индекстер енгізіледі. Ол хат тарату жұмысын тездетуге себін тигізуге тиіс, дейді «Қазпошта» кәсіпорнының жаңа технологиялар департаментінің маманы Ғалия Абралиева:

- Кодтар арқасында жұмыс тездетіледі.

Жуырда, Қазақстан тұрғындарына арналған жаңа индекстер тізімі жазылған кітапшалар жарыққа шығады. «Қазпошта» кәсіпорнының жаңа технологиялар департаментінің маманы Ғалия Абралиеванің айтуынша, бұл кітаптағы мағлұматты көпшіліктің алу мүмкіншілігі болады:

- Кітаптар пошта байланыстарында жатады.

«Қазпошта» кәсіпорын жұмысының сапасын арттыру үшін, алдымен 3 мыңнан астам компьютер алды. Екінші кезекте, «Қазпошта» өз қызметтерін электронды сауда арқылы таратауға көшті. Жақын болашақта кәсіпорын интернет қызметтерінің аясын кеңейтіп, кез келген тауарды үйіңізге жеткізіп береміз деген мәлімет таратты. Кәсіпкерлердің мәліметінше, ақпарат алмасу үшін, поштаның қызметі өте қажет. Әсіресе бұл қажеттік қаржы операциялары және құнды қағаздармен жұмыста қажет болады, дейді іскерлер. Бірақ, «Қазпошта» жұмысына көңілі толмайтындар да бар. Астанада шағын кәсіпорын ашқан іскер азамат Қасен Ертіспаевтің пікірінше, «Қазпоштаның» қызметтері тым баяу:

- Хат жеткізу қиын, курьер жақсы.

Жалпы, «Қазпоштаның» даму бағдараламасына сай, пошта қызметінің деңгейін халықаралық стандарттарға жеткізу жоспарланған. Әдеттегідей, Қазақстан кәсіпорындары дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенеді. Бірақ, пошта компанияларының дамуы халықтың тығыздығымен және ел экономикасымен тікелей байланысты, дейді «Қазпошта» кәсіпорнының маркетинг басқармасының бастығы Айгүл Әкімбаева. Мысалы, АҚШ та әр адам жылына мың хат жолдаса, Қазақстанда жылына бір хат жіберіледі дейді ол.

Кәсіпкер Қасен Ертіспаевтің пікірінше, Қазақстандағы курьерлік шағын кәсіпорындар қызметі жылдам болғанымен бағасы қымбат, оны ауыл тұрғындары көтере алмауы мүмкін дейді кәсіпкер:

- Ақшасы қымбаттау, ауылдағы адамдар қиналады.

«Қазпошта» кәсіпорнының жаңа технологиялар департаментінің маманы Ғалия Абралиеванің айтуынша, жаңа индекстермен тез жеткізілетін хаттар тұрғындарға қымбатқа түспейді:

- Индекстер хат тарату қызметіне әсер етпейді.

Жуырда, Алматыда электронды қадағалау жүйесі бар 30 пошта жәшігі орнатылған. Енді осындай жәшіктерді Астанада орнату жоспарланған. Бірақ, әзірге сирек болсада хаттардың дер кезінде жеткізілмей, жолда кідіріп қалатын шағымдар оқсын-оқсын естіліп тұрады. Осы мәселені қалай шешпексіздер деген сауалға «Қазпошта» кәсіпорнының маркетинг басқармасының бастығы Айгүл Әкімбаева болашақта хаттардың жеткізілуін электронды жүйе арқылы қадағалап отырамыз, әзірге бұл жұмыс қолмен жүргізіледі, деген уәж айтты:

Осылайша, пошта хабарламалары мен жолдамаларды жеткізу уақытын қысқарту жоспарланған. 2000-ыншы жылдан бері есептегенде қазпошта қызметін жаңартуға 3 миллиард теңге инвестиция жұмсалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG