Accessibility links

Франция астанасына жақын жердегі әскери ауруханада әл үстінде жатқан Ясер Арафатқа Палестинадағы ең жоғары дәрежелі Исламдық діни жетекші арнайы келді


Осындағы Палестина өкілі Лейла Шахид Француз радиосына Палестин территориясындағы діни жоғары көсем Таиссир Дайут Тамими шейх Арафаттың қасында оның өмірінің соңғы сәттерінде бірге болады деп айтқан. Палестиннің министрлер кабинетінің мүшесі Саиб Ерекат: -Ясер қайтыс болған жағдайда ол Рамалладағы өз штабында жерленетін болады, бірақ бұл жерге ол уақытша қойылады, өйткені палестиндіктер өз көсемінің мәңгілік мекені- Иерусалимде болғанын қалайды,- деген.
XS
SM
MD
LG