Accessibility links

Қарашаның 11-і күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төртінші Құрылтайы өтті


Аталған шараға республиканың барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларының делегаттары мен тіл жанашырлары, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден барлығы 130-дан аса мейман қатысты.

Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Құрылтайға жолдаған құттықтау хатын оқыды. Онда алғашқы Құрылтай өткен 15 жылдан бергі кезеңде ел тарихындағы оң өзгерістер айтылып, ең бастысы елдің азаттық туына қол жеткізуінің шынайы көрінісі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге көтерілуі деп көрсетілді.

Ал, Құрылтайға қатысушылар өз сөздерінде қазақ тілінің әлі күнге өз деңгейінен көріне алмай отырғанына алаңдаушылық танытты. Тіл туралы заңның орындалуын іске асыруда тіл инспекциясын құру туралы ұсыныс айтты.

Өз сөзінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов мемлекеттік тілдің қолданылуына жеткілікті нормативтік-құқықтық база жасалды. Республиканың 4 облысында іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізіле бастады деп атап көрсетті. Алайда, Мәжіліс төрағасы мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылуында нақты әрекеттер жеткіліксіз. Соңғы екі шақырылымда парламент мәжілісінде екі заң жобасы қаза тілінде дайындалды деп отыр.

Орал Мұхмеджановтің пікірінше, заң жобаларын қазақ тілінде әзірлеуде үлкен қиындық тудырып жүрген проблеманың бірі мемлекеттік тілдегі терминдік қорытындының әлі жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы. Кейбір балтық жағалауы елдерінде мемлекеттік терминология комитеттері бекіткен терминдер 200 мыңға таяу болса, Қазақстанда бекітлген терминдер 5 мыңның шамасында ғана. Оның өзінде әттеген-ай жетерлік дейді.

Ал, өз сөзінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-перзиденті Өмірзақ Айтбайұлы біздер тіл отаршылдығынан түгел арылмай келеміз деді. Біз өз тілімізді қорлаудың алуан түрлі түрін айылымызды жимай көрсетіп келеміз. Бірен-саран облыстарда көпшілік бас қосқан жиналыстарда ғана әңгіме қазақ тілінде жүріп жатады. Тілдің де өресін кеңейтетін жағдай туған еді. Шетелдерден келген елші, дипломаттар алдында өз тілі, өз күні жоқ байғұс елдің кейіпін танытып мүсәпірлік шапанын тастай алмай жүреміз деді ол.

Ресей бұрын да бүгін де көп ұлтты, көп тілді ел. Онда 20 миллион мұсылман тұрады. Солай бола тұрса да орыс тілі мемлекеттік тіл ретінде барлық жағынан басым тұрған беделді тіл саналады дейді Өмірзақ Айтбайұлы.

Премьер-министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Төрегелді Тұяқбаев ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау ісі сол күйінде өз шешемін таппай келеді.Көбінесе жақсы бастама іс жүзінде жүзеге аспай қағаз жүзінде қалып қойды дейді.

Оның пікірінше, тіл туралы заңын іске асыруда тіл инспекцисын құру қажет.

Бұған дейін де болған Мәдениет министрлігі құрамында Тіл Комиетін құру айтылып келген еді. Филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы Тіл комитетін белігілі бір министрлік құрамында емес тікелей үкіметке бағынатын комитет етіп құру керек деген пікірді айтады.

Ал, өзін Германиядан келдім деп таныстырған делегат Аджар Абдуссамед ол жақта біз өз тіліміз қазақ тілінде сөйлеміз ұмытқан жоқпыз деп отыр. Мәскеуден келген делегат Аблайхан Оспанов ол жақта қазақтар толықтай дерлік өз ана тілі-қазақ тілінде сөйледі деді.

Құрылтайға қатысқан делегаттардың бірі халықаралық қазақ тілі қоғамы өзнің тарихи міндетін атқарып болды десе енді бірі бұл қоғамды мемлекеттік тіл қоғамы деп құру қажет деген ойларын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ тілі » қоғамының бірінші құрылтайы 1989 жылы, екінші құрылтайы 1992 жылы, үшіншісі 1996 жылы Алматыда өткен болатын.
XS
SM
MD
LG