Accessibility links

Техникалық мамандық бойынша білім алып жүрген студенттердің шет елдерге барып, тәжірбие алмасып қайту мүмкіндігін беретін арнайы бағдарламаға қатысушылардан құжаттар қабылдау жұмыстары басталды


«IAESTE» Техникалық мамандық бойынша білім алып жүрген студенттердің тәжірие алмасуы жөнінідегі халықаралық қауымдастығы 1948 жылы Лондандағы Имперск колледжының ұсынысы бойынша негізі қаланған болатын. Бүгінде бұл қауымдастық құрамында 68 мемлекет бар. Ал 1996-шы жылдан бастап Қазақстанда да осы қауымдастық құрамына кірген болатын. Бүгінгі таңға дейін технакалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген 350 студент алыс - жақын шет елдерге барып өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алып қайтты. Осы жылғы бағдарлама бойынша, тәжірибе алмасу үшін шет елге баратын студенттерден құжат қабылдау жұмысы басталды.

1996-шы жылдан бастап «IAESTE» Қазақстан ұлттық комитеті Алматыдағы Инженерлік академия негізінде ашылған болатын. Бұл Техникалық мамандық бойынша білім алып жүрген студенттердің тәжірие алмасуы жөнінідегі халықаралық қауымдастығықтың Қазақстандағы бір бөлімі. Бұл комитеттің басты мақсаты – студент жастарға өз білімін жетілдіру үшін кез келген шет елде іс тәжірибе алмасып қайтуға мүмкіндік беру. Бұл туралы «IAESTE» Қазақстан ұлттық комитетінің атқарушы директоры Людмила Пан хабарлаған болатын.

Аталмыш бағдарламадағы ең бірінші қойылатын талап – құжатты тапсырушы техникалық мамандық болйынша екінші курстан жоғары курстарда білім алып жатқан студент болуы тиіс. Людмила Панның сөзіне қарағанда, алғашық екі курс бойы олар өз мамандығы бойынша керек мағлұматтар алып, шет елге барғанда сол білімін пайдалана ала алатын мүмкіндік болады. Сонысымен барған елдегі жұмыс берушіге көмегін тигізе алуы тиіс.

Бүгінгі таңға дейін Қазақстаннан технакалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген 350 студент алыс - жақын шет елдерге барып өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алып қайтты. Солардың арасында Құралай Мазыржанова да бар. Құралай үстіміздегі жылы Германияға барып, ауылшаруашылық және бау-бақша факультетінің ішіндегі өсімдіктерді ғылыми тұрғыда зерттеу институтында екі ай тәжірбие алмасып қайтты. Бүгінде Алматыдағы аграрлық институттың аспиранты Құралай, неміс халқы білімге өте қатты көңіл бөледі екен дегенді айтып отыр.

- Жатаханада әр бір студентке бір-бір орыннан берілген. Бір бөлмеде үстелі, шкафы, жататын орны барлығы дайын. Бұл білімге көңіл бөлгендік беп ойлаймын. Студенттер еркін жұмыс жасай алады. Қалаған уақытында оқиды, бір-біріне кедергі жасамайды. Бір бөлмеде бір студент дегеннің нәтижесі өте жоғары.

Сонымен қатар бүгін Қазақстанда да жастарға көп жағдайлар жасалынуда дейді Құралай. Дегенмен біздің жастар жалқауланып барады дейді ол. -Біздің қанымызда бар деп те айтқым келмейді, тәрбиеге де байланысты шығар, бір нәрсені аяғына дейін жеткізе алмаймыз.

«IAESTE» Техникалық мамандық бойынша білім алып жүрген студенттердің тәжірие алмасуы жөнінідегі халықаралық қауымдастығының Алматыдағы ұлттық комитеті шет елге барып жұмыс істеп қайтамын деуші барлық студенттерден құжат қабылдау жұмыстарын бастады. Бағдарлама талабы бойынша жоғарыда атап өткендей, кез келген екінші курстан жоғары техникалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген студент өз құжаттары мен қай елге, қандай мамандық бойынша жұмыс істегісі келетіндігін көрсеткен арнайы қағаз толтыруы қажет. Сонымен қатар 250-300 доллар көлемінде жарна мен анықталған елге баратын билет құнын төлеуі қажет.Ал ол жерде келісім шарт бойынша студентке 650 евродан жоғары жалақы төленіп отырады. Бұл ақша барып келген студенттердің сөзіне қарағанда барлығына жетеді. Тіпті көрші елдерге де барып қайтуыға болады. Құжаттар қабылдау жұмысы қараша мен желтоқсан айларында жүреді. Жоғарыдағы ақпаратқа қызуғышылық танытқан жастар болса төмендегі анықтама телефондарын ұсынамыз. Алматы қаласында 77 91 33.
XS
SM
MD
LG