Accessibility links

Қазақстан-Британ техникалық университетінде халықаралық білім стандартына сай экономика және қаржы жөніндегі бакалавриаттың Лондoндық «LSE» мектебімен бірлескен бағдарламасын енгізу жоcпарланып отыр


Бүгінде Қазақстанда шет елдердің жоғарғы оқу орындарымен біріге жұмыс жасап жатқан институт, университеттер аз емес. Солардың бірінде студенттер шет елге барып білім алса, ендігі біреулерінде шет елдік мұғалімдер Қазақстанға келіп дәріс оқиды. Соңғысының қатарында Қазақстан - Британ техникалық университеті де бар. Аталмыш білім ордасы Ұлыбританияның бірнеше университеттерімен біріге отырып жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бүгіндері Лондандық «LSE» саяси ғылымдар мен эканомика мектебімен біріге отырып, аталмыш жоғарғы оқу аясында халықаралық стандартқа сай біріккен бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Алматыда бүгінгі таңда шет елдердің жоғарғы оқу орындарымен біріккен білім ордалары аз емес. Ол Ұлыбритания, Туркия, Мысыр және тағы басқа елдердің бағдарламасы негізінде , эканомика, техника, гуманитарлық, халықаралық қатынастар саласы бойынша білім беретін оқу орындары. Соған сәйкес,« атына заты сай » демекші аталмыш білім ордаларында білім алудың өзі көп қаржыны қажет етеді. Мәселен, Қазақстан- Британ техникалық университетінде магистрант дәрежесін алып шығу үшін, Ләззат Сапарова 17 мың 500 доллар ақша төлеуі қажет. Дегенмен, ол бұл ақша Қазақстандық бағалармен өте қымбат болуы мүмкін, бірақ Ұлыбритания университетінің дипломы үшін бұл арзан баға дегенді айтып отыр.

Сонымен қатар Ләззат , қазіргі таңда сапалы білімге кеткен шығын түбі ақталады деген ойда. Қазақстан-Британ техникалық университеті бүгінгі таңда Ұлыбританияның Хериот Уотт және Роберт Гордан университеттерімен біріге отырып жұмыс жасауда. Аталмыш оқу орынында білім алатын студенттер уақыт келе осы аталған екі білім ордаларының дипломдарын иеленеді. Ал Ләззат Сапарованың сөзіне қарағанда, бұл дипломмен әлемнің кез келген жерінде жақсы жұмысқа орналасуға болады.

Біз тек қана диплом алып қана қоймаймыз, сонымен қатар, біз Ұлыбританияның дипломын иеленген институттың маманы боламыз. Сонымен қатар, осы аптада Қазақстан-Британ техникалық университетіне Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің өкілдері - профессор, экономика факультетінің профессоры, сыртқы бағдарлама директоры Ричард Джакман мен жазғы мектеп директоры, кафедра меңгерушісі Джон Боард келіп кетті. Қазақстан-Британ техникалық университеті Лондон экономика мектебімен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қорының қолдауымен халықаралық білім стандартына сай экономика және қаржы жөніндегі бакалавриаттың бірлескен бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр. Профессор Ричард Джакман Мәскеудегі жобаның үйлестірушісі болып табылады. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттері жаңа бағдарлама бойынша 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап оқи бастайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG