Accessibility links

Тәжікстанның Жоғарғы сотының хабарлауынша, бұрынғы ішкі істер министрі Якуб Сәлімовтің ісі бойынша сот процесі 23 қарашада басталып, жабық өтеді


Тәжікстанның Жоғарғы сотының хабарлауынша, бұрынғы ішкі істер министрі Якуб Сәлімовтің ісі бойынша сот процесі 23 қарашада басталып, жабық өтеді. Жоғарғы соттың өкілі Махмадәли Ватанов баспасөз-маслихатында Сәлімовтің соты бұрын айтылғандай ашық емес, жабық жағдайда өтетінін хабарлады. Оның атап көрсетуінше, бұрынғы ішкі істер министріне Тәжікстан билігін құлатуды көздеді, сатқындық пен қарақшылық жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды, қару-жасақпен заңсыз сауда жүргізді және т.б. айыптар тағылған. Сәлімовтің өзі ол айыптардың бірін де мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG