Жүздеген полицейдің олардың жолын кеспек болған әрекетінен нәтиже шықпай, олар қабырғалардан асып өтіп, қақпаны ашып, енді марқұм Арафаттың табытымен ұшып келген тікұшақты қарсы алуға мүмкіндік алды. Оның алдында Мысыр астанасы - Қайырда кеше Францияда қайтыс болған Палестина президенті Ясир Арафатпен қоштасу рәсімі болып өтті... Онымен қоштасуға 50-ден аса мемлекеттің басшылары мен сыртқы істер министрлері келді. Рәсім – қауіпсіздік мақсатында көпшілік жұрттан жабық өтті. Қоштасу рәсімінің артынша марқұм Арафаттың табыты тікұшақққа тиіліп, уақытша мазарға қойылуы үшін Иордан өзенінің атыс жағалауындағы Рамаллаһ қаласына жеткізіледі.