Accessibility links

«Фарeнгейт 9/11» фильмі Алматыда табысты жүруде


Канн фестивалінің басты жүлдегері, биылғы жылдың шатақ фильмі ретінде әлемге танылған «Фарангейт 9/11» кино фильмі Алматыда жүріп жатыр

Бұл - Алматы кинотеатрларында көрсетіліп отырған алғашқы деректі фильм екендігін айтты қаладағы ең ірі кино отаулардың бірі – «Алатау» кионотеатрының прокат бөлімінің директоры Салтанат Жетекбаева: - Қойылым жақсы коммерциялық табыс әкелді, бірақ пайданың нақты көлемін айтуға болмайды. «Фарангейт 9/11» фильмін тамашалауға әдетте көрермендер кешқұрым жиналады. Олардың басым бөлігі – орта жастағы адамдар дейді Салтанат Жетекбаева.

Қайрат есімді көрерменнің айтуынша, фильм алғашқы сәтінен-ақ көрерменін баурап алады: - Буш көлікпен келе жатқанда оған көшеге шыққан халықтың наразылық білдіруі, жұмыртқа лақтыруы айрықша әсерге қалдырады.

Қайрат бұл фильм Америка Құрама Штаттарындағы демократия мен сөз бостандығының айқын көрінісі деп есептейді: - Бушты сынаған фильм болса да, ол жарық көрді. Көрсетілді. Ал егер ондай кино бізде шықса, ешқашан көрсетілмес еді.

Келесі бір көрермен Ержан болса, бұл фильм Ирак мәселесін жаңа қырынан танытты дейді: - Осы фильмді көргеннен кейін менің АҚШ басшылығына деген көзқарасым өзгерді. Әсіресе жазықсыз жастардың соғысқа алдап әкетілуі, Ирактағы соғыс, жазықсыз жандардың қаза болуы - өте үлкен қателік.

Ол егер мұндай фильм Қазақстанда дүниеге келсе, оны жарыққа шығармас еді дейді: -

«Жақсы» фильмдердің өзі дұрыс шығарылмайды, ал ондай фильмдерді мүлдем жойып жіберетін шығар.

Қазақстандық продюсер Әлжан Абдуллаев болса, мәселе Қазақстандағы жағдайда емес, билікті сынға алатын кез-келген өнер туындысы әрдайым қуғындалады деп есептейді: -

«Фарангейт» Канн фестивалінің басты жүлдесін алғаннан кейін ғана АҚШ-та көрсетіле бастады. Ал оған дейін көрсетілуге тиым салынған. Бұл - Америка сияқты демократиялы елдегі жағдай. Осыдан кейін мұндай фильм Қазақстан немесе Ресейде дүниеге кеуі мүмкін деп ойлайсыз ба?!

Оның айтуынша, Майкл Мурдың «Фарангейт 9/11» туындысы сияқты деректі фильм Қазақстанда жуық арада дүниеге келуі күмәнді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG