Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Ясир Арафаттың мұрагері – Палестинаның жаңа президентін сайлау 9 қаңтарда өтеді. Марқұм Я.Арафат лидері болып келген “ФАТХ” қозғалысының жетекші фракциясы Махмұд Аббасты президент сайлауына ең басты үміткер ретінде ұсынды. Франс Пресс хабарлағандай, бүгін сондай-ақ Палестина автономиясының премьер-министрі Ахмад Кураи – бұрын марқұм Арафаттың құзырында болған көп лауазымның бірі - Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып белгіленді. Палестина парламентінің спикері Раухи Фаттух – сайлауға дейін президент міндетін уақытша атқарушы ретінде ант берді. Палестина өкілі Саиб Аракаттың айтуынша, үміткерлерді ұсыну мен тіркеу 20 қарашадан бастап 12 күн жалғасады, үміткерлердің сайлауалды науқаны 27 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін дерлік, яғни сайлауға 1 тәулік қалғанша өтеді, сайлаудың өзі 2005 жылдың 9 қаңтарында болады”.
Палестина өкілі Саиб Аракат: “үміткерлерді ұсыну мен тіркеу 20 қарашадан бастап 12 күн жалғасады, үміткерлердің сайлауалды науқаны 27 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін дерлік, яғни сайлауға 1 тәулік қалғанша өтеді, сайлаудың өзі 2005 жылдың 9 қаңтарында болады”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?