Қауіпсіздіктің қамымен АҚШ армиясы Әл-Фаллуджаның бейбіт тұрғындарына қажетті азық-түлікті тиген Ирақтағы Қызыл крест ұйымының автокеруенін қалаға жібермей отыр. Әл-Фаллуджа тұрғындары 6 күн бойы азық-түлік пен ас сусыз отыр. Бірақ азық-түлік еруені қалаға кіре алмай тұр. АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, қалада әлі қарсылық көрсеткен шағын топтар бар. Ирақтың уақытша денсаулық сақтау министрі Алаиддин Абдул Сахиб Адуанның пікірінше, Әл-Фаллуджада қайырымдылық дағдарысы бар деуге негіз жоқ. Оның айтуынша, қаланың бейбіт тұрғындары арасында 20 кісі қаза болды. Әл-Фаллуджадағы шайқас барысында 31 АҚШ жауынгері мен 6 Ирақ ұланы және 1.200-ден астам көтерілісші құрбан болды.
Қауіпсіздіктің қамымен АҚШ армиясы Әл-Фаллуджаның бейбіт тұрғындарына қажетті азық-түлікті тиген Ирақтағы Қызыл крест ұйымының автокеруенін қалаға жібермей отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты