Accessibility links

Хорватияның премьер-министрі бұрынғы Югославияда 90-ыншы жылдары болған қантөгістен кейін тұңғыш рет Сербия-Черногорияға сапарға келді


Хорватияның премьер-министрі бұрынғы Югославияда 90-ыншы жылдары болған қантөгістен кейін тұңғыш рет Сербия-Черногорияға сапарға келді. Хорват премьер-министрі Иво Санадердің бүгінгі осы сапары көрші екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатындағы маңызды қадам болып табылады. Санадер бүгін Сербия премьері Воислав Коштуницамен, президент Светозар Маровичпен және басқа да ресми тұлғалармен кездеспекші. Тараптар екі елдегі шағын ұлт өкілдерін қорғау туралы келісімге қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG