Ресми Иран БҰҰ-ы тарапынан болуы мүмкін жазадан құтылу үшін өзінің уранды байыту өндірісін уақытша тоқтатуға өз ықтиярымен келісімін берді. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-мен арадағы келіссөзге Иран жағынан қатысуқан өкіл Хассан Рауханидің хабарлауынша, Германия, Ұлы Британия және Франция өкілдерімен арадағы бірнеше аптаға созылған үзіліссіз келіссөзден кейін тараптар осындай келісімге келді. Вашингтон Теһранды астыртын түрде ядролық қару жасауды көздеп отыр деп айыптап келсе, Иран - ядролық ізденісінің бейбіт мақсатты көздейтінін дәлелдеумен келеді.
Ресми Иран БҰҰ-ы тарапынан болуы мүмкін жазадан құтылу үшін өзінің уранды байыту өндірісін уақытша тоқтатуға өз ықтиярымен келісімін берді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр