Палестина автономиясының өкілі Саиб Аракаттың пікірінше, Ясир Арафаттың мұрагерін сайлау белгіленген мезгілінде және ойдағыдай өтуге тиіс. Бүгін Израиль теледидары арқылы сөйлеген сөзінде Саиб Аракат егер сайлау ойдағыдай өтпейтін болса, онда “қантөгіс пен анархия” қайта белең алады деп атап көрсетті.
Палестина лидерлері кеше президент сайлауын 9 қаңтарға белгіледі. “Палестинаны азат ету ұйымы” басшысы лауазымында Я.Арафаттың орнына келген Махмұд Аббас осы күні кешкісін Газада болған атыста оққа ұша жаздап аман қалды, оның екі оққағары қаза болып, 4 кісі жараланды. Арафатты аза тұтқан бөлмеде “ФАТХ” қозғалысының сарбаздары әуеге оқ атып, Аббасты айыптап дау көтерді. Аббас ол оқиғаны өз өміріне қарсы қастандық деп санамайды.
Палестина автономиясының өкілі Саиб Аракаттың пікірінше, Ясир Арафаттың мұрагерін сайлау белгіленген мезгілінде және ойдағыдай өтуге тиіс
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?