АҚШ армиясы Ирақтың Мосул қаласындағы бүлікті басып, тәртіп орнату үшін бүгін шабуылға шықты. АҚШ өкілінің хабарлауынша, шабуыл өткен аптада көтерілісшілер басып алған бірнеше полиция бөлімшесін босату мақсатында қаланың Тигр өзені өтетін жағында басталды. АҚШ әскері мен көтерілісшілер Ирақтың Бакуба қаласында да қақтығысып қалды. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадтың солтүстігінде АҚШ-тың әскери күзетіне тасадан жасалған шабуылдан 1 жауынгер оққа ұшып, тағы бірі жараланды. Оған қоса Әл-Фаллуджада әскери АҚШ теңізшісінің жаралы тұтқынды атып жатқан бейнесюжеті тергелмекші. АҚШ-тың Ирақтағы әскери теңізшілері корпусының қолбасшысы генерал Дж.Саттлердің атап көрсетуінше, “тергеу - әскери теңізші өзін қорғау үшін атты ма әлде соғыс заңын бұзды ма, не болмаса – соғыс ережесін сақтауға мұршасы келмеді ме – соны анықтауды көздейді”.