"Хамас" тобы қаңтар айына белгіленген Палестина сайлауына бойкот жариялаймыз деп айтты. "Хамас" тобы Ясир Арафаттың орнына Палестина әкімшілігінің президентін сайлау науқанын 1993 жылғы Осло келісімінің жалғасы ретінде теріс қабылдады. "Ислам джихады" деген басқа топ болса сайлауға қырсылығымыз жоқ деді. Палестина әкімшілігің уақытша төрағасы Раухи Фаттух сайлау барысы Палестинаға қарасты Шығыс Иерусалимдегі дауыс беруге тәуелді болады деді. Израил сыртқы істер министрі Сильван Шалом Шығыс Иерусалим тұрғындары бюллетень тастамай, хат арқылы дауыс берсе жөн деп айтқан болатын мұның алдында.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі