АҚШ президенті Джордж Буш ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райсты сыртқы істер министрлігіне ұсынды. Кондолиза Райсты барлық американдықтар біледі, ол әлем көпшілігінеде мәлім, соңғы төрт жылда жоғары кәсіби деңгейін танытты, - деді президент Буш.
Кондолиза Райс бұрынғы президент Джордж Буштың кезінде ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Совет Одағы қатынастары жайында кеңесші болған, жасы елуде, орысша біледі. Кондолиза Райс ұлттық қауіпсіздік кеңесші қызметін орынбасары Стефен Хедлейге тапсырмақ. Райстың кандидатурасын сенат бекіткенше Колин Пауел сыртқы істер министрі қызметін орындай береді. Колин Пауелдың орынбасары Ричард Армитейджде қызметінен кетіп жатыр. Президент Буштың әкімшілігінде 15 министр болса олардың алтауы жаңарып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?