Accessibility links

Ауғанстанның ішкі істер министрлігі өкілі осыдан үш аптадай бұрын Кабулда БҰҰ-ының үш қызметкерін тәліптерден бөлінген “Ислам армиясы” тобы емес, “қарулы қарақшылар” ұрлап алып кетуі ықтимал деп санайды


Ауғанстанның ішкі істер министрлігі осыдан үш аптадай бұрын Кабулда “Ислам Армиясы” тобы ұрлап кеткен БҰҰ-ының үш қызметкері әлі де кепілдікте отыр деп топшылайды. Алайда, министрліктің өкілі Латфалла Машалдың айтуынша, әлгі үшеуді тәліптерден бөлінген “Ислам армиясы” тобы емес, “қарулы қарақшылар” ұрлап алып кетуі ықтимал. Алғашқыда кепілдікте отырған әлгі үшеудің орнына Ауғанстан үкіметінен абақтыдағы тәліптерді дереу босатуды талап етіп келген “Ислам армиясы” бірте-бірте басылып, топтың белгілеген мерзімі ешқандай төтенше оқиғасыз өтті.
XS
SM
MD
LG