Accessibility links

Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ армиясы мен көтерілісшілер арасындағы шайқас бүгін тағы да жалғасты


Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ армиясы мен көтерілісшілер арасындағы шайқас бүгін тағы да жалғасты. АҚШ күштері бүкіл қалада көтерілісшілердің қалған-құтқан топтарының ізіне түсіп, қаланың оңтүстігі мен орталығында зымырандардың жарылыстары мен тезатарлардың жаңғырығы естіліп тұр. Ирақтың солтүстігіндегі Йолан елді-мекенінде АҚШ-тың әскери теңізшілері Ефрат өзенімен кейін келе жатқан көтерілісшілермен қақтығысып қалды. Одан бұрын АҚШ армиясы Әл-Фаллуджа қаласындағы шайқас негізінен аяқталды деп мәлімдеген болса, АҚШ армиясы өкілінің бүгін хабарлағанындай, қалада АҚШ армиясы мен Ирақ күштері көтерілісшілердің қалған-құтқан шағын топтарының көздерін жою үстінде.
XS
SM
MD
LG