Accessibility links

Ирақта 20-дан астам адам қаза тапты


Ирақта негізінен суннит мұсылмандары тұратын аймақтарда болған шабуылдарда және қақтығыстарда 20-дан астам адам қаза тапты кеше. Байджи қаласында кеше жанкешті бомбашы АҚШ әскери керуеніне шабуыл жасады, кемінде 14 ирақтық қаза тапты, 3 американдық сарбаз жараланды. Рамади қаласында көтерілісшілер мен АҚШ әскерлері арасында оқатыстарда кемінде 7 ирақтық қаза болды. Мосыл қаласында кеше айтарлықтай тыныш болды, АҚШ және Ирақ әскерлері мұнда көтерілісшілірмен екі күн шайқасқан еді. Фаллуджа қаласында АҚШ және Ирақ әскерлері бекініп қалған көтерілісшілерді іздеп жатыр.
XS
SM
MD
LG