Accessibility links

БҰҰ Ирандағы адам құқықтарының жағдайын сөкті


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Иран еліндегі адам құқықтарының тапталып жатқанын сөгіп, қаулы шығарды. Қаулы көпшілік дауыспен қабылданды. Мұнда сөз бостандығын тежеу, азаптау мен қинаулар, әйелдерді кемсіту деген мәселелер аталды, Иран өзі қол қойған халықаралық келісімдерге сай тиісті реформа жүргізсін деп үндеу айтылды. Қаулы жобасын кіргізген Канада елшісі Аллан Рокк Ирандағы жағдай жақсы жаққа өзгере бастаса жөн деп үміт айтты. Иран елшісі резолюциядағы айыптаулар негізсіз, Канада былтыр Иран түрмесінде қаза болған канадалық журналист Захра Каземидің жеке жағдайындағы дау-дамайдың жетегінде кетті, Иран соты бұл жағдайды әлі тергеп жатыр деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG