Accessibility links

Иранда төрт азамат шпион деп айыпталды


Иранда төрт азамат атом өнеркәсібі кәсіпорындарында шпионаж жасады деп айыпталды. Мемлекеттік телекомпания кеше кешкісін берген хабарында айып тағылғандардың аты-жөндерін айтпады. Ал сәрсенбі күні мұның алдында Иран оппозициялық тобы мәлімдеме жасап, Иран қолында ядролық қаруға жарамды уран бар, Пәкістан ғалымы Абдұл Қадыр Хан берген ядролық қару технологиясы бар деп айтқан. "Иран көтерілісінің ұлттық кеңесі" деген ұйымның мәлімдемесі жайында Иран ешқандай сипаттама айтқан жоқ. Бұл ұйымды Америка Құрама Штаттары террорлық деп танып, оған тиім салған. Халықаралық атом энергетика агенттігі кез-келген үлкен мәлімдемені тексеру міндетіміз, бірақ тексеру соңынан ешқандай сипаттама айтпаймыз деді. Латын Америка сапарында жүрген АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Иран зымырандарын ядролық оқтұмсықпен оқтау технологиясымен белсенді айналысып жатыр деген мәлімет бар деді. Колин Пауелл егжей-тегжейлі ақапарт берген жоқ.
XS
SM
MD
LG