Ресей президенті Владимир Путин Совет Одағының бұрынғы қорғаныс министрі Дмитрий Язовты орденмен марапаттады. 80 жасқа толған Дмтирий Язовтың тойы кеше Мәскеуде үлкен салтанатпен өтті. Язов 1991 жылы тамыз айында Совет Одағының басшысы Михаил Горбачевқа қарсы төңкеріске қатысып, түрмеден бірақ шыққан болатын. Сонда мыңдаған халық көшеге шығып, Язов қатысқан ГКЧП төңкерісіне тойтарыс берді. Язов кезінде Қазақстанда қызмет еткен, Орталық Азия әскери аймағын басқарған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі