Accessibility links

Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон бүгін Мысыр президенті Хосни Мүбәрәктан кешірім өтінді


Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон бүгін Мысыр мен Газа аймағы арасындағы шекара маңында израильдік танктің мысырлық 3 жауынгерді палестиндік жасақтармен шатастырып, атып өлтіргені үшін Мысыр президенті Хосни Мүбәрәктан кешірім өтінді. Мысырдың мемлекеттік МЕНА агенттігі бүгін осылай деп хабарлайды. Ресми Тель-Авив келесі жылы Газа аймағынан еврей қоныстары мен әскерін шығарған кезде Мысырдың осы аймақтағы қауіпсіздікке қамқор болғанын қалайды. Израиль қорғаныс министрлігінің өкілі Зеев Боимның атап көрсетуінше, Газадағы контрабандамен шұғылданғандарға тосқауыл қою үшін Мысыр армиясы осы аймақпен арадағы шекарадағы тәртіпті нғайтты.
XS
SM
MD
LG