Accessibility links

АҚШ әкімшілігі Украина сайлауы әділ өтсін деп талап қойды


АҚШ әкімшілігі Украинада осы жексенбіде өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңі демократиялық талаптарға сай болсын деп үндеу айтты. Сайлау әділ және еркін өтпесе Украинаның Батыс қауымдастығына қосыламын деген ниетіне зиян тиеді деп ескертілді. АҚШ президенті Джордж Буш Украина сайлауын бақылауға сенат сыртқы істер комитетінің төрағасы Ричард Лугарды жолдап отыр деп айтылды. Украина сайлауы әділ өтсін деп Еуропа Одағыда үндеу айтты. Украина бас министрі Виктор Янукович және оппозиция басшысы Виктор Ющенко жексенбі күні қайта дауысқа түседі. Ющенко алда сәл ғана басымдылықпен келеді.
XS
SM
MD
LG