Accessibility links

Ирақта жеке қақтығыстар жалғасты


Ирақ сарбаздары АҚШ әскерінің қолдауымен кеше Бағдадтың Абу Ханифа мешітіне кірді. Абу Ханифа мешітінде АҚШ тарапына жиі лағнет айтылады. Осы жолғы жұма намаздан кейін қарсылық білдіруші кейбір азаматтар оқ ата бастады, Ирақ ұлттық гвардиясының сарбаздары мешітке кіруге мәжбүр болды, дейді полиция. Қақтығыс барысында кемінде екі ирақтық азамат қаза тапты, бірнешеуі жараланды. Бағдадта кеше, сол сияқты, полиция бекетінің маңында машинаға қойылған бомба жарылды, кемінде бес адам қаза тапты, бірнешеуі жараланды. Мосыл қаласында Ирақ арнаулы полициясы мен АҚШ сарбаздары аурухананы тінтіді, мұнда соңғы қақтығыстарда жараланған көтерілісшілер емделіп жатты деп айтылды. Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Фаллуджада жақында болған шайқастарда АҚШ пен Ирақ әскерлері де, көтерілісшілерде адам өмірі құндығын аяққа таптады деп айыптады.
XS
SM
MD
LG