Accessibility links

Ясир Арафаттың жесірі Суха жұбайының медициналық құжаттарын алды


Бұл туралы Суханың адвокаттары жариялады. Палестина президенті 75-жасар Арафат Франция ауруханасында 11 қарашада қайтыс болған. Суха құжаттарды жариялай ма, жоқ па - әзірше белгісіз. Франция үкімет орындары Арафаттың өлім себебін ресми жариялаған жоқ, Арафат уланды деген жорамалды дегенмен жоққа шығарған болатын. Франция заңы бойынша медициналық құжаттар тек отбасы мүшелеріне беріледі. Құжаттардың көшірмесі Арафаттың жиені Насер Әл Кидуағада тапсырылмақ. Насер Әл Кидуа – Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі. Арафаттың өлім себебін Палестина басшылары жариялауға уәде айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG