21 мемлекет басшылары бүгін басталған кездесулерінде еркін саудадағы ықпалдастықты күшейту және лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес мәселелерін талқылауда. Жұма күні Сантьягода 25 мыңдай шерушілер “бұл ұйым байлар мүддесін күйіттеп, кедейлер жағдайын ескермейді”-, деген ұранмен көшелерге шыққан болатын. Олар сондай-ақ АҚШ елбасы Буш пен Ирақ соғысын айыптады.