Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы APEC-ке мүше 21 елдің жетекшілері кеше Чили астанасында жылдық бас қосуына жиналып, өзара сауда айналымын жеңілдету мен ғаламдық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талдауға кірісті. Бас қосу алдында бірқатар екі жақты кездесу болып өтті. АҚШ президенті Дж.Буш Солтүстік Кәрей мен Иранның ядролық бағдарламасына қарсы өзінің іс-шарасына халықаралық қолдау іздеп, Жапония, Қытай, Оңтүстік Кәрей және Ресей басшыларымен кездесіп, Пхеньян көптің дауысына “құлағын түрер” деген үмітін білдірді. Аталған 4 ел – Пхеньянды ядролық қару бағдарламасынан бас тартуға үгіттейтін келіссөздерде Вашингтонның әріптестері болып табылады.
Чилиде Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығының жылдық бас қосуы басталды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?