Accessibility links

Украинадағы президент сайлауының екінші турында оппозиция лидері мен қазіргі премьер-министр дауысқа түсуде


Мемлекет басшысы лауазымына батысшыл оппозицияның лидері Виктор Ющенко мен қазіргі премьер-министр Виктор Янукович өзара таласуда. Бірінші турдың нәтижесі бойынша В.Ющенко болар-болмас айырмашылықпен жеңген болатын. Кеше теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украина президенті Леонид Кучма дауыс беру қандай нәтижемен аяқталмасын, жаппай тәртіпсіздікке жол берілмейтінін мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, биылғы президент сайлауы – ел тарихындағы ең қиын сайлау болғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG