Accessibility links

Ресми Техран уранды байыту ісін тоқтатуды дүйсенбі күні бастамақшы


Мұның өзі Британия, Франция және Германия елдерімен арадағы келісімге сәйкес жүзеге асатын болады. Азия-Тынық мұхиты елдері саммитінде сөйлеген сөзінде АҚШ елбасы Джордж Буш мырза: “Олардың бұл мәселені көтеріп жатқан себебі, біз сияқты олар да Иран ядролық қару жасауға ұмтылуда, деп сенеді. Біздің мұндай алаңдаушылығымызды Иран өкіметінің естуі аса маңызды”-, деді Буш мырза. Техранға жақын маңдағы құпия жерде Иран елі уранды байыту ісін одан әрі көбейте түсті”-, деген хабарды Атом-энергиялық ұйымы басшысы Ғұлам- Реза Ақазаде жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG