Accessibility links

Абай қаласында 620 адам гепатит дертін жұқтырған


Биылғы жылдың тамыз айының 23-де Қарағанды облысы Абай қаласында басталған індет күні бүгінге дейін жалғасуда. Бұған дейін күніне бір адам гепатит ауруымен түсетін. Қазір олардың саны бірашама азайған дейді Абай қаласындағы жұқпалы аурулар емханасының стационар бөлімінің меңгерушісі Данилә Жашкенова. - Мысалы, сенбі күні бір жас бала түссе, дүйсенбі күні таңертең бір жігіт гепатит ауруымен келген. Барлығы 10 төсектік орынға арналған бөлімде 12 адам емделіп жатыр.

Алайда, қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шахмұрат Камалұлы Тәңкебаев Абай қаласының тұрғындарының бірнеше ай бойы діңкесін құртқан індет құрықталды дейді: -

Бітті деймін. Санаулы ғана қалды. Гепатиттің арты сондай болады. Бірден бітпей, біртіндеп жойылады. Алдыңғы күні бір-ақ адам түсті. -

Емханада бүгін тағы бір адам түсті деді ғой... -

Жоқ-жоқ, түскен жоқ. Міне менің қолымда бас дәрігердің мәліметі бар. 13 адам ғана қалды. -

Аурудың таралу ошағы туралы қандай мәлімет бар? - Оны дәрігерлерден сұраңыз. Әкімнің орынбасарына мәлімет берген емхананың бас дәрігері Ақылбек Түлекинге хабарласқанымызда ол тілшінің қызмет куәлігінің көшірмесін қолға алмайынша ешқандай түсіндірме бере алмайтындығын жеткізді: - Факспен жіберіңіз. Мен қараймын.

Бірақ құжаттың көшірмесін жібергеннен кейін телефон көтерген хатшы қыз былай деп жауап берді: - Өзіңіз білесіз, ауруханада түрлі проблемалар болып жатыр. Сондықтан, бастық бос емес. Түсіндірме бере алмайды.

Ал бұл уақытта Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев парламент депутаттары алдында гепатит дертінің ошақтарына толықтай тосқауыл қойылды деп айтуға болмайды деп мәлімдеді: - Індеттің шығу тегі санитарлық нормаларға жауап бермейтін орталық су құбырынан шыққан сапасыз ауызсумен байланысты. Ауыз судың күрт нашарлауы наурыз айынан бері байқалған. Ол кезде судың сапасы санитарлық нормалар бойынша 58,8 пайызға сәйкес келмесе, мамыр айында 45,3 пайызға, тамыз айында 50 пайызға санитарлық талаптарға жауап бермеген. Қарашаның 19-ы күнгі мәліметтер бойынша 620 адам гепатит ауруына шалдыққан. Олардың 53 пайызы - мектеп оқушылары, - дейді Денсаулық сақтау министрі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG