Accessibility links

Күрд халқының қазақ жеріне мекендеп жатқынына 60 жыл толды


Қарашаның 22 күні Қазақстанда мекендейтін күрд халқы заңсыз көшірілуінің 60 жылдығына орай Алматыда бас қосты. Бұл басқосуға келген азаматтар 60 жыл бұрын орын алған оқиғаны еске алып, соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін айтты.

Зорлықпен көшірілгенде күрд халқының талай баласы көз жұмған, жоғалып кеткен. Қазақстандағы Күрд қауымдастығының мүшесі Үсен Амировтың айтуынша, бұл күнді ұмытуға болмайды.

Үсен Амиров, Қазақстандағы курд қауымдастығының мүшесi:

- Бізді зорлықпен көшіргенде мал вагонына отырғызып, әкелді. Бір вагонға бірнеше отбасын отырғызған. Жол бойында, адамдар аштықтан, суықтан қайтыс болды.

Ата анасымен қазақ жеріне көшірілген балалардың біріне Шавхи Дұрсынов жатады. Қазіргі кезде Шавхи Дурсынов зейнеткер.

Шафхи Дурсынов , зейнеткер:

-

Бізді Алматы облысы Шамалған стансасына түсірді. Негізінен, Грузияда бір ауылда тұрған азаматтардың барлығын бір қазақ ауылға апарып, сол ауылда тұратын қазақ отбасыларының үйлеріне бөліп, бөліп орналастырды.

Жоғарыда айтылған оқиғаның барлығы Алматыда өткен арнайы конференцияда атап өтілді. Қайғылы оқиғаларға қарамастан, күрд қауымдастығының мүшелері қазақ жеріне келіп, қол жеткізген жетістікттерін де еске алды. Бұл конференцияға Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко келіп, достық пен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға ат салысқан күрд халқының балаларын арнайы марапаттады.

Бұл конференцияға 7 жасар Айнұр Мустафаева және Мадина Дұрсынова да келді. Олар «Бейбіт көгершіні» деген би билеп, қандасырана өнерін көрсеті. Айнұр мен Мадина күрд тілінде өлең айтқанымен, бұл өлеңің мағынасын аударып береді алмады.

Қазақстандағы күрді қауымдастығының мүшесі Үсен Амировтың айтуынша, республикада тұратын күрд халқының басты мәселесіне күрд тілінің дамымай отырғаны жатады. Үсен Амиров күрд халқының әдет-ғырып, салт дәстүрінің сақталғанын қалайды. Көп жыл бойы мектепте ұстаз болып жұмыс істеген Әзиз Надировтың пікірінше, қазіргі жастар күрд халқының барлық салт дәстүрін сақтамаса да, негізгі талаптарды орындайды.

Әзиз Надиров, күрд қауымдастығының мүшесі:

-Біздің дәстүрлеріміз жақсы сақталып келеді, осы үшін біз қазақ жері мен қазақ халқына ризамыз. Негізінен, біз көшпенді халықпыз, сол көшпенді халықтың қол өнері де жақсы сақталған.

Әзиз Надировтың айтуынша, болашақ ұрпақ күрд және қазақ тілдерінде жақсы сөйлейтін болады, себебі күрд балалары ана тілін үйреніп ғана қоймай, қазақ тілінде меңгеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG