Еуропа Одағы Газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Палестина территориясында 9 қаңтарда өтетін Автономия президентін сайлауға өзінің бақылаушылары миссиясын жібереді. Брюссельдің пікірінше, бұл сайлау – Палестина халқы үшін және Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздер үшін өте маңызды. Кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Иерусалимде Израиль жетекшілерінің палестиндіктерге сайлауды ойдағыдай өткізуіне көмек беруге уәде бергенін хабарлап, Палестина лидерлерін қантөгіс пен терроризмді ауыздықтап, жаңа дәуір басталғанын сезінуге шақырды.