Accessibility links

Әйелдерге қарсы күш жұмсау жағдайлары жылдан-жылға өсіп келеді


1991-ші жылдар аралығындағы зерттеулер бойынша, 18 жастан жоғары әйелдердің 25 пайызы күш салудың түрлі нысандарын көрген. Ал, 1995-ші жылы тұрмыстың күш қолдану салдарынан 718 әйел көз жұмған. Қазақстандағы кей сарапшылар пікірі бойынша, әйелдердің 60 пайыздан астамы өмірлерінде 1 рет болса да қол жұмсау немесе сексуалды зорлыққа ұшыраған. Тек, 2001-ші жылдың өзінде әйелге жасалған 227 680 қылмыс тіркелген. Мамандардың сөзіне жүгінсек, жасалынған зорлаудың 10 пайызы ғана соттың қарауына жетеді.

Қазір Қазақстан бойынша 19 дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, оның үшеуі Алматы қаласында орналасқан. Әйелдерге арналған дағдарыс орталықтары ; психологиялық, эмоционалдық, эканомикалық сонымен қатар қол жұмсау және жыныстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдердің проблемаларын шешуге көмектесетін ұйымдар.

1999-шы жылдан бастап тіркелген «Қамқорлық» дағдарыс ораталығына, бүгінгі таңға дейін Алматы қаласының 10 мыңнан астам тұрғыны хабарласқан екен. Бұл туралы «Қамқорлық» шиеленіс орталығының бас директоры Зухра Тұрғанбай атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының президенті жанындағы әйел және отбасы жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен құрылған бұл орталық, өздеріне қарсы күш қолданған әйел адамдарға көмек көрсетумен айналысады. Бас директордың сөзіне қарағанда, көмек сұрап келетін әйелдер негізінен отбасында дене жарақатын алғандар сонымен қатар психологиялық қысым көрген жандар.

Қалада бүгінде жұмыс істеп отырған 3 дағдарыс орталықтарында да психолог мамандармен қоса заңгерлерде жұмыс жасайды. Соңғылары жәбірленуші әйелге өз Қазақстан Республикасының конституциясында көрсетілген құқыларын таныстырумен айналысады. Дегенмен, «Қамқорлық» шиеленіс орталығының бас директоры Зухра Тұрғанбай, бізге көмек сұрап келген 10мың әйелдің тек 400-і ғана заңгер көмегі арқылы сотқа шағымданды дегенді айтып отыр.Ал қалғаны отбасына қайтып оралған екен. Ал осы ретте әйел адамына неліктен қол жұмсалады деген сұрақты ер адамдардың өзінен сұрап көруді жөн көрдік. - Ер дамының әсіресе, мұсылман елдерінде құқы басымырақ қой, әйелге қарағанда. Дегенмен, әйел адам ер адамға қарағанда қыдырымпаздау болып келеді. Содан кейін олар сөзімен шағып алады.Ал ер адамдар қол көтеру арқылы өз сөзін айтады.

- Ер адамының әйелге қол көтергені еркектің әлсіздігін байқатады. Әйелді ұрып-соғу деген соңғы кездері шыққан нәрсе, арақ ішіп алып ойына не келсе соны істейді. Ал ондай әдет қазақ халқында болмаған.

Дағдарыс орталықғының бас психолог маманы Шолпан Қалиева, әдетте бізге телефон шалған әйелдер кеңес алуға шақырған кезде, психолог маған қандай көмек көрсетуі мүмкін деген сұрақтар қояды. Біздің мақсатымыз - оларды отбасымен айыру емес, керісінше туындаған проблемалардың басын ашуға көмек береміз.

Әйелдердің көбі келіп өз жағдайларын айтады. Олар әдетте көмек пен түсіністікті қажет етеді дейдімаман. «Қамқорлық» шиеленіс орталығының Алматы қаласындағы сенім телефондары 70-94-97 және 40 96 85. Ал Талдықорған қаласында 24 56 67. Арнайы «Азаттық» радиосы үшін Алматыдан Мәншүк Асаутай.
XS
SM
MD
LG