Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының үш қызметкері кепілдіктен шықты


Ауғанстан ішкі істер министрі Али Ахмад Жалали Біріккен Ұлттар Ұйымының үш қызметкерін кепілдікке алып, сосын бүгін босатқан адамұрлаушылармен ешқандай келісім жасалған жоқ деп мәлімдеді. "Мұсылман әскері" деген қарулы топтың мүшесі Ақбар Аға Ауғанстан үкіметі "Талибан" әскерінің 24 тұтқынын азат етті, сөйтіп келісім болған деп. Ауғанстан ішкі істер министрі мұны жоққа шығарып отыр. Адамұрлаушылармен келіссөз жүрген, бірақ үкімет бірде бір тұтқынды шығарған жоқ, ешқандай ақша төлеген жоқ, ешқандай талапқа көнбеді, - дейді ішкі істер министрі Али Ахмад Жалали. Біріккен Ұлттар Ұйымында істейтін филиппіндік азамат Анжелито Наян, британ-ирландық азаматша Аннетта Фланиган және Сербияның Косовалық азаматшасы Шкире Небиби 28 қазанда Қабулда ұрланған болатын. Олар төрт аптадай уақыттан кейін аман-сау азат етілді.
XS
SM
MD
LG