Accessibility links

Пәкістан мен Үндістан Кашмир мәселесін шешуге ынталымыз деді


Пәкістан бас министрі Шауқат Әзіз бүгін Нью-Делиде Үндістан бас министрі Манмохан Сингхпен кездесіп, Кашмир мәселесі екі ел алдындағы басты мәселе деп сипаттады. Келіссөз жалғаса береді, Пәкістан Үндістанмен тату тұрғысы келеді, басқа мәселелер Кашмир мәселесімен сабақтасып отырады, - деді Шауқат Әзіз. Үндістан бас министрі Манмохан Сингх өткен аптадағы сөзінде Үндістан шекарасын қайта белгілеуден не болмаса Кашмирді бөлшектеуден аулақ деді. Ал Пәкістан президенті Перуез Мұшарраф мұның алдында Кашмирде әскер болмасын, Кашмир тәуелсіз ел болсын, бәлкім біріккен бақылауды, бәлкім Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауын орнатқан жөн шығар деп ұсыныс айтқан еді.
XS
SM
MD
LG