Accessibility links

Украина толқуына үшінші күн болды


Украина Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының ресми қортындысын бүгін кешке жариялаймыз деді. Дегенмен, Еуропа Одағы алдымен дауыс беру тәртібі және алдын-ала қортындылар тексерілсін, ресми қортынды жариялауын кейінге қалтырған жөн деп қайырылды. Сайлау комиссиясының өкілдері бюллетендердің 99 пайызынан астамы саналды, бас министр Виктор Янукович оппозиция басшысы Виктор Ющенконы шамамен 3 пайыз озып тұр деген. Президент сайлауының жексенбіде болған екінші кезеңі саяси дағдарысқа әкелді, оппозиция басшысы Виктор Ющенконы қолдаған халық толқып жатыр. Ел астанасы Киевте ондаған мың халықтың сайлау әділ өтпеді деп ереуілдеткеніне бүгін үшінші күн. Үкімет жағындағы үміткер, бас министр Виктор Янукович халық толқуына негіз жоқ, жеңілсем тек заңды шешім негізінде жеңілемін деді. Януковичты қолдаған президент Леонид Кучма шұғыл келіссөзге шақырды Бірақ келіссөз қашан болатыны анық емес. Қорғаныс министрі Олександер Кузьмук халық толқуына бола әскер орнынан жылжыған емес деді бүгін.
XS
SM
MD
LG