Accessibility links

Орта Азиядағы ықпалын Қытай күшейте түсуде. Мұнай үшін күрес


Өзінің қуат көздеріне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қытай елі Орта Азияға қарай кеңірек қанат жаюға тырысуда. Кейбір жобалар төңірегіндегі сөйлесулер бірнеше жылдарға ұласып келеді. Қазақстанмен арадағы мұнай құбыры жобасы бұл аймақпен жүзеге асырылғалы отырған алғашқы келісім болатын түрі бар.

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысының өзінде экономикасы 10 пайызға дейін көтерілген Қытай елі Орта Азия аймағынан ғана емес, тұтас әлем бойынша мұнай көздерін іздестіруде. Осыған орай Қытайдың сырттан мұнай әкелу үдерісі 34 пайызға көтеріліп отыр. Бұл ел 1996-шы жылдан бері сырттан мұнай алуда. Алайда, соңғы жылдардағы ел экономикасының өсу қарқыны мұнай тұтыну жағынан Қытайды әлем бойынша Құрама Штаттарынан кейінгі екінші орынға шығарып отыр.

Қытай өкіметінің “Батысқа қарай жылжы” деген бағдарламасын басшылыққа алған мемлекеттік компаниялар 1997-ші жылдан бері Қазақстанмен арадағы сөйлесулерді жандандыра түскен болатын. Осыған орай Уашингтонда орналасқан қуат көздері және ұлттық қауіпсіздік бағдарламасының халықаралық зерттеулер орталығының директоры Роберт Ебелдің пікірінше Орта Азияға ұмтылысының екінші себебі Таяу Шығыс мұнайына Қытайдың мұқтаж боп қалмау ниеті еді. “Менің ойымша Қытай елі өзінің мұқтажын болашақта импорт арқылы шешуді қарастыруда. Сондықтан да олар мүмкін болған жерлердің барлығына да қол артуда. Әзірбайжан, Сирия, Ресей, Орта Азия бомаса Венесуела елдерінен импорттау, бұлақтарды түрлендіріп қана қою емес, сондай-ақ мұнайды қалай Қытайға жеткізуді де ойластыруда”-, деді Ебел мырза.



Теңізге жол іздемей-ақ, көршілес жатқан Орта Азиядан мұнай тасу Қытай үшін арзанға түсері де анық. Қазірше бұл елге мұнай беріп отырған Орта Азиядағы жалғыз мемлекет Қазақстан болып отыр. Темір жол арқылы тасымалданып жатқан бұл мұнай көлемі Қытай мұнай импортының тек бір пайызын ғана құрайды екен. Мамыр айында қол қойылған келісімшарт негізінде аталған көрсеткіш таяу болашақта өзгеруі мүмкін. Себебі, уақыт өте келе Қарағандыға дейін тартылатын мұнай құбыры кейін Кеңқияққа жалғасып, нәтижесінде Қытайдың Каспий теңізіне қол жеткізуіне әкелмекші. Қазақ мемлекеттік мұнай және газ компаниясымен біріккен жоба негізінде, 1997-ші жылдан бері Қытай елі Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ мұнай өндіру саласын жаңашаландырып баққан болатын.

Қуат көздері бойынша Уашингтондағы сарапшы Едвард Чоудың пікірінше, Ресеймен арадағы келісімдері жүзеге аспағаннан кейін Қытайдың Қазақстан мұнайына деген қызығушылығы арта түскен. Атап айтқанда Сібірден Қытайдың Дақиң мұнай астанасына дейін құбыр тартуға 2001-ші жылы берген уәдесіне қарамастан Ресей елбасы Владимир Путин Жапония өкіметімен жаңа келісімге бет бұрып кеткен-ді. Тынық мұхитына бағытталған Жапон-Ресей жобасы ұзақ уақытқа және қымбат бағаға негізделген еді.
XS
SM
MD
LG