Украинадағы даулы президент сайлауынан туған саяси дағдарыс бойынша осы елдің саяси лидерлерімен келіссөз өткізу үшін ЕуроОдақтың жетекші дипломаттары бүгін Киевке келеді. Кеше Украинаның Жоғарғы соты оппозициялық үміткер В.Ющенконың шағымы бойынша, сайлау барысында болған заңсыздықтар қаралып болғанша, сайлау нәтижесін жариялауға және ресми түрде жеңімпаз болып жарияланған В.Януковичтің президент лауазымына отыру рәсімін өткізуге тыйым салды. Жоғарғы сот өз өкімін дүйсенбіде жариялауға тиіс. Оппозиция лидері В.Ющенко Жоғарғы соттың әрекетін “жеңістің бастауы” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Кино әлемі
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?