Accessibility links

Игорь Рогов: Қазақстан азаматтарының құқығы бұзылмас үшін, олар өз құқықтарын қорғап, сыйлай білуі керек


Орта Азия мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерден және Чехиядан келген заңгерлер мен құқыққорғаушылар қарашаның 26 күні Алматыда бас қосып, «Абақтыда отырған азаматтардың санын азайтып, түрмеде отырған азаматтардың құқығы бұзылмас үшін не істеу керек?» деген мәселе төңірігенде сөз қозғады. Қазақстанның Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың айтуынша, қылмыстық жазаға тартудың балама түрлерін қарастыруда Қазақстан талай шараларды іске асырды, бірақ әлі де болса, бұл бағытта атқарылып жатқан істерді жетілдіру керек. Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы:

-Маған Чех Республикасының іске асырып отырған тәжірибесі ұнады. Дәлірек айтқанда, онда айыпты адам шартты түрде қылмыстық жазадан босатылады, яғни жәбір шеккен адаммен, айыпты адам келісіп, айыптыға 6 айдан 2 жылға дейін уақыт бере алады. Сол уақыттың ішінде айыпты азамат, өз міндетін атқаруы керек. Моралдық шығынын өтейді немесе жіберген қатесін жондейді. Егер ол бұл шартты орындай алмаса, онда айыптының ісі қайтадан сотқа жіберіліп, қайта қарастырылады,-дейді Қазақстанның Конституциялық сотының жетекшісі Игорь Рогов.

Ал Қазақстанның Әскери соттың төрағасы Сағитжан Тасмағамбетовтың ойынша, қазақстандықтар қылмыстық жазаға тартудың балама түрлерін қарастырғанда, ата –бабаларынан келе жатқан әдісті пайдалануы керек.

Сағитжан Тасмағамбетов, Қазақстанның Әскери соттың төрағасы:

-

Қазақ елінде бұрын түрме болмаған. Барлығын би бабаларымыз шешкен, ал ауыр қылмыс үшін айыпты азаматтар құн төлеген. Ойлап қарасақ, біз ата-бабаларымыз жасаған жұмысын қайталап отырмыз. Ауыр емес қылмыстарды сотқа жеткізбей, сотқа жетседе, дер кезінде шешуге болады. Абақтыда отырған азаматтардың құқығына келгенде Әскери соттың жетекшісі Сағитжан Тасмағамбетов, бұл саладағы жұмыс ретке келу үшін, біраз уақыт керек дегенді айтты.

Үстіміздегі жылы Қазақстанның Коммунисттік партисы, «Қазақстанның демокртиялық таңдауы» және «Ақ жол» партиялары абақтыда отырған азаматтардың құқығын қорғайтын комитет құрған. Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің ойынша, мемлекеттегі жүйе өзгермей, абақтыда отырған азаматтардың құқығы аяқ асты бола береді.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі:

-

Біз Ғалымжан Жақияновты болсату үшін әрекеттеніп жатырмыз, бірақ бұл мәселеге байланысты мемлекет жетекшісі нәтижелі шешім қабылдамай отыр. Ал абақтыда отырған азаматтардың құқығы қорғалу үшін біз заңды дұрыс орындауымыз керек, екіншіден, заңды бұзып отырған азаматтар биліктен кетуі керек. Ал Қазақстанның конституциялық кеңесінің жетекшісі Игорь Роговтың ойынша, республикада азаматтардың құқығы қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қорғалу үшін, қазақстандықтар өз құқықтарын қорай білуі керек. Бұл тұрғыдан алғанда қазақстандықтар амирикандықтардан үлгі алуы керек.

Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы:

- Мен өзім алғаш рет Америкаға барғанда Вашингтондағы заңнамалық кеңесте болдым. Сонда мектеп оқушылары жүр екен. Оларда барлығын көрсете береді ғой. Менің байқағаным, мектеп оқушылары барлығын сұрап, біліп жүр. Себебі олар кішкентай салық төлеушілер ретінде өз құқықтарын біледі. Болашақта біздің қазақстандық азаматтарда өз құқықтарын қорғап, салық төлеуші ретінде талап қоя алатын шығар, деп ойлаймын.
XS
SM
MD
LG